Науқандар
Себетте жиналған фишек:
0
Бүгінде белсенді науқандар жоқ.
Органикалық йодтың пайдасы. Оның минералды йодтан артықшылығы неде?

Органикалық йодтың пайдасы. Оның минералды йодтан артықшылығы неде?

Металл жылтырлығы бар қара-сұр кристалдар — минералды бейорганикалық йод (калий йодиді) өзінің табиғи күйінде көрінеді, ал оның дәріханадағы 5% спиртті ерітіндісі болса бәрімізге де бала кезімізден жақсы таныс. Дегенмен, бұл йод ағзаға толығымен қауіпсіз бе?

Органикалық және бейорганикалық йод. Айырмашылығы қандай?

Қалқанша безінің қалыпты жұмыс істеуі үшін органикалық йод та, бейорганикалық (минералды) йод та өте маңызды. Бірақ олар өздерінің химиялық құрамы мен құрылымы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді.

  • Бейорганикалық немесе минералды йод (йодтың спиртті ерітіндісі, калий мен натрий йодидтері және т.б.) — қандай болмасын органикалық молекуламен байланысы жоқ өте белсенді зат.

Органикалық молекулалармен байланысы жоқ калий йодидін (KI) артық мөлшерлеу салдарынан:

- Асқазан-ішек жолы және жүйке жүйесі жағынан көптеген жанама әсерлер;

- Жүрек ырғағының бұзылуы;

- Уытты әсер, әсіресе балалар, қарттар, жүкті әйелдер үшін;

- Аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін;

Йодидтерді артық мөлшерлеу белгілері өте ауыр өрбиді және шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

  • Органикалық йод – қандай болмасын органикалық затпен (қанттар, полисахаридтер, амин қышқылдары) химиялық байланыста болатын йод.

Қарапайым сөзбен айтқанда, табиғат оны біздің ағзамызға бейімдеген.


Органикалық йодтың пайдасы. Оның минералды йодтан артықшылығы неде?

Органикалық йод асқазан-ішек жолына бірден сіңіп кетпейді — оны сіңіру үшін бауыр ферменттері қажет, ал артық мөлшері болса ағза үшін толығымен қауіпсіз және табиғи жолмен сыртқа шығарылады.

Сондықтан да, йодқа бай теңіз орамжапырағын көп мөлшерде тұтыну ағзаға кері әсерін тигізбейді. Бұл дерек, осы балдырларды жүздеген жылдар бойы тамаққа қосып келетін жапондар мен исландиялықтардың тәжірибесімен дәлелденген.

Сонымен қатар, органикалық йод бейорганикалық йодқа қарағанда әлдеқайда жақсы сіңеді және бірқатар артықшылықтарға ие:

- Оның жанама әсерлері жоқ.

- Артық мөлшерлеу мүмкін емес, артық мөлшері жағымсыз салдарсыз сыртқа шығарылады

- Қауіпсіз, тіпті емшек сүтінде де бар — адам ағзасы органикалық йодпен дүниеге келген сәттен бері таныс

- Радиопротектор, детоксикант

- Органикалық йод теңіз орамжапырағы мен фукустың қоңыр балдырларында көп мөлшерде кездеседі.

Осылайша, органикалық йод бейорганикалық йодпен салыстырғанда оңай және тезірек сіңеді. Оның биожетімділігі жоғары болғандықтан, мұндай йодты тұтынудың пайдасы көп.

Адам ағзасы үшін ең биожетімді болып саналатын органикалық йодқа көптеген ғылыми еңбектер арналған. Олардың негізінде, шын мәнінде, йодтың табиғи екенін көрсететін «органикалық йод» термині де пайда болды. Ол өнімдерде жақсы сақталады, бейорганикалық йодқа қарағанда буланбайды және жеткілікті мөлшерде тұтыну кезінде қалқанша безінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Қалқанша безі, өз кезегінде, біздің ағзамыздың негізгі «қуаттандырғыштары» – тироксин (Т 4) және трийодтиронин (Т 3) гормондарын бөліп шығарады, олар болса әр жасушада дерлік зат алмасу процестерін бақылайды!

Балдырлардың табиғи түрде 100% сіңбеуінің себебі неде?

Ламинария, теңіз орамжапырағы, «теңіз адамшөбі» — бұл қоңыр балдырдың адамға тигізер пайдасы туралы айтатын көптеген атауы бар. Бұл, органикалық йодтың ғаламшардағы ең бай көзі.

Нәр беретін микроэлементтің тамаша көзін таптық десе де болар еді!

Бірақ бәрі соншалықты оңай емес. Ағза үшін қоректік заттардың биожетімділігі ұғымына қайта оралайық. Балдыр жасушаларының тығыз целлюлоза қабырғасы — адам ағзасы үшін әрең еңсерілетін тосқауыл болып саналады. Өсімдіктің құнды құрамына жету үшін оны ыдырату керек. Өкінішке орай, біздің ағзамыз мұны жасай алмайды: адамда бұған қажетті ферменттер жоқ.

Сондықтан теңіз орамжапырағын жегенде, мысалы, салат түрінде тұтынған кезде, оның көптеген пайдалы заттарын сіңіру пайызы небәрі 10-15%-ды ғана құрайды (Мәскеу қ. РМҒА мәліметінше).

Балдырлардан барынша көп пайда алудың жолы бар ма?

Ламинария жасушасының құнды құрамын алу мәселесі 15 жыл бұрын шешілген болатын. 2005 жылы «БИТ» ҮЕҰ ламинарияның тығыз қабырғасын ыдыратпай, оның жасушасынан пайдалы заттарды алу технологиясын әзірлеп шығарды.

Бұл зерттеулер 2020 жылы жалғасын тапты. Келесі қадам жасалды — арнайы ферменттерді қолдана отырып, балдырлардың жасуша қабырғасын ыдыратудың ерекше әдістемесі патенттелді.

Бұл тәсілдеме жасушаның өзінен ғана емес, оның қабығынан да құнды заттарды алуға мүмкіндік берді. Осы технологияның арқасында біз қоңыр балдырлардан қоректік заттар мен органикалық йод жоғары мөлшерде шоғырланған оңай сіңетін гель түріндегі тамақ өнімін алдық. Оның биожетімділігі 90%-дан асады, ал барлық құнды заттар жасушалық деңгейде тез сіңеді.

Осы технология бойынша өнімдер Vertera (Вертера) брендімен шығарылады, оларды біздің каталогтан таба аласыз.

Олардың арасында — Pro-MAX балдырлы азығы, көптеген пайдалы заттары бар Smart Cocktail қалпына келтіретін детокс-коктейльдері және 5 қуатты табиғи иммунокорректордан тұратын кешені бар ламинария гидролизаттары негізіндегі Smart Start бірегей өнімдері де бар.

Біздің өнімдерімізді қараңыз
Hit
New
DRR-protection
4500 6750
Тіркеуден кейінгі баға
DRR-protection
Hit
New
Thalasso Spa Gel
1800 2282
Тіркеуден кейінгі баға
Thalasso Spa Gel
Hit
New
Vertera HC (Hydrate Collagen)
2250 3375
Тіркеуден кейінгі баға
Vertera HC (Hydrate Collagen)
Hit
New
Vertera Hydrate Collagen
3500 3500
Тіркеуден кейінгі баға
Vertera Hydrate Collagen

Біз cookie-файлдарды сайтымыздың дұрыс жұмыс істеуі және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін пайдаланамыз. Қосымша ақпарат алу үшін танысып шығыңыз:Құпиялылық саясаты