Науқандар
Себетте жиналған фишек:
0
Бүгінде белсенді науқандар жоқ.
Теңіз балдырлары әлемді қалай құтқарады

Теңіз балдырлары әлемді қалай құтқарады

Теңіз балдырларын табиғатқа зиян келтірмей, теңіз экожүйелерін қалпына келтіруге көмектесетін «суперфуд», яғни экологиялық тағам деп атауы бекер емес. Балдырларда адамдар үшін белгілі және пайдалы дәрумендер, минералдар, макро- және микроэлементтердің барлығы, ең бастысы – табиғи, алмастырылмайтын органикалық йод бар. Жердің табиғаты мен экологиясы үшін ерекше маңызы бар қоңыр балдырлар — ең құнды теңіз биотоптары болып саналады.

Жердегі өсімдіктер сияқты, теңіз балдырлары да көміртегі диоксидін сіңіреді – бұл адамзат шығаратын көмірқышқыл газының жалпы көлемінің ¼ бөлігіне жуық. Бұл арада, олардың 60%-дан 80%-ға дейін оттегі өндіретіні дәлелденді.

Осылайша, балдырлар көптеген теңіз экожүйелерінің тіршілігіне қауіп төндіретін мұхиттың қышқылдануын азайту арқылы көмірқышқыл газының артық мөлшерін тиімді түрде сіңіріп алады.

Балдырлар судағы тіршілік иелері тұтынатын органикалық заттарды шығарады, сонымен қатар көптеген ағзалардың алғашқы тағамы болып табылады.
Балдырлардың кейбір түрлері ағынды суларды, соның ішінде ауылшаруашылық қалдықтарын тазартуда тиімді. Олар ластағыштарды өздерінің қоректік заттары ретінде пайдаланады, сондай-ақ азот пен фосформен қоректену арқылы судағы улы заттардың деңгейін төмендетеді.

Балдырлар, соның ішінде ламинария ауыр шаруашылығында жемшөп қоспалары ретінде, ал бау шаруашылығында — тиімді тыңайтқыш ретінде белсенді қолданылады. Ламинария жәндіктер зиянкестерімен, өсімдіктің ауруларымен, қоздырғыштарымен және инфекцияларымен күресуге көмектеседі.

Экологиялық таза суперфудтар, алғашқы тағам, биосүзгілер, теңіздердің табиғи қалпына келтірушілері – теңіз балдырлары, міне, осындай. Ал біз, адамдар, әлемдегі осы биотоптардың тепе-теңдігін сақтауға міндеттіміз. Сондықтан да, Vertera компаниясы теңіз балдырларының қасиеттерін зерттеуге, Ақ теңіздегі гидробионттардың популяциясын сақтауға көп еңбек пен күш жұмсайды.

Экологиялылық ұстанымы — Vertera философиясы. Бұл философия сіздің... ас үйіңізде басталады. Осы сәтте сіз өнімнің дәмін татып қана қоймай, оның дүние жүзі үшін қаншалықты құнды екенін, осы өнімді КІМ өндіргенін де білесіз.

Vertera-мен бірге экология мен денсаулыққа қамқорлық жасай бастаңыз.

Біздің өнімдерімізді қараңыз
PRO-MAX Laminaria
1980 2970
Тіркеуден кейінгі баға
PRO-MAX Laminaria

Біз cookie-файлдарды сайтымыздың дұрыс жұмыс істеуі және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін пайдаланамыз. Қосымша ақпарат алу үшін танысып шығыңыз:Құпиялылық саясаты