А.А. Хитровтың «Vertera» ішкі сұхбатынан алынған үзінділерді жариялаймыз: біздің баспасөз қызметіміз «БИТ» ҮЕҰ ұйымы бренд үшін шығаратын өнімдер туралы ең өзекті сұрақтарға жауап алды.
- Анатолий Анатольевич, сіздің алдыңызда ББҚ немесе мамандандырылған тамақ өнімі екенін қалай түсінуге болады?
- ББҚ немесе мамандандырылған тағам өнімі туралы күмәніңіз болса, алдымен сатушыдан тиісті сертификат сұраңыз. Онда өнімнің биологиялық белсенді қоспа, яғни ББҚ немесе арнайы тамақ өнімі екендігі ресми түрде көрсетілген (мұндай құжаттың мысалын Vertera өнімдерінің кез келген карточкасынан көруге болады — ред. еск.)
- Дұрыс түсінсем, оларды сертификаттау тәсілі әртүрлі ме?
- Дөп түстіңіз. Мемлекет өнімнің осы екі түріне әртүрлі талаптар қояды. Демек, сертификаттау рәсімі де ерекшеленеді. ББҚ, балалар тағамы және спорттық тағам, емдік-емдәмдік, емдәмдік, профилактикалық тағам – осы өнімдердің әрқайсысы өзінше сертификатталады.
Мысалы, Vertera Gel (Вертера гель) өніміне рұқсат алу үшін оның әсерін растаған кең ауқымды клиникалық зерттеулер қажет болды. Нәтижесінде, оны ишемиямен ауыратын науқастарға қан ағымындағы липидтердің көп мөлшерде шоғырлануы кезінде (аурулардың бұл тобы гиперлипидопротеидемия деп аталады) және басқа жағдайларда ұсынуға мүмкіндік берілді.
- Осындай зерттеулер қалай жүргізіледі?
- Бұл өте күрделі процесс, бірақ мен оны мүмкіндігінше қарапайым және түсінікті тілмен сипаттап көрейін.
Өнімді тестілеуге қатысатын 2 түрлі аудитория тобы іріктеледі. Оны қабылдау дәрігерлердің бақылауымен және қадағалауымен жүзеге асырылады. Олар белгілі бір уақыт аралығында медициналық мекемелердің клиникалық базасы көмегімен нәтижелерді тіркейді, талдайды және зерттейді. Бұл медициналық мекемелер медициналық ЖОО немесе ауруханалар болуы мүмкін.
Сарапшы-медиктердің алынған деректері мен талдамалы қорытындылары Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйеде тіркеледі және оның https://rosrid.ru/ сайтында жарияланады.
Қорытындылар тексеріліп, осы ресми мемлекеттік ресурста жарияланғаннан кейін ғана РФ Тамақтану институты арнайы құжат береді. Бұл сертификат өнімнің көрсетілген қолдану саласындағы тиімділігін растайды.
МТК (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) өнімнің тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын сараптама нәтижелері алынғаннан кейін ғана беріледі.
- Сіз Vertera Gel компаниясының негізгі өнімі туралы айтып өттіңіз. Жаңа әзірлемелерді қолданатын өнімдер дәл осындай тексеру мен тіркеудің күрд жолынан өтеді ме?
- Өнімдердің жаңа технологиялар бойынша өнеркәсіптік өндірісі туралы сөз қозғалғанда, әрбір рет міндетті түрде толық медициналық-биологиялық сараптама жүргізіледі. Ең соңғы мысал: шығаруға жоспарланып жатқан ламинария гидролизатымен байытылған Vertera (Вертера) балалар тағамы. Ұзақ сараптама сәтті аяқталғанын атап өткім келеді – жақын арада жемістердің дәмі бар «Вертера Смарт Кид» табиғи балалар тағамы сериясы пайда болады.