Науқандар
Себетте жиналған фишек:
0
Бүгінде белсенді науқандар жоқ.
Теңіздің қоңыр балдырлары: олардың адамдарға пайдасы неде?

Теңіздің қоңыр балдырлары: олардың адамдарға пайдасы неде?

Шамамен бір ғасыр бұрын, өте бай және алуан түрлі микроэлементтерден тұратын балдырлар мен фукустың денсаулыққа пайдасы ғылыми деңгейде анықталған болатын.

Оның құрамында жүз елуге жуық қоректік заттар, сонымен біре дәрумендер, минералдар, микро- және макроэлементтер, май қышқылдары және табиғи биоактивті полисахаридтер бар. Балдырлар денсаулық үшін құнды заттардың осындай бай жиынтығын қоршаған теңізден алды.

Десе де, теңіз балдырларының дәрумендер мен минералдар кешені мол болғанымен, олардың адамға тигізер барлық пайдасы тек мұнымен шектелмейді. Олардың көптеген таңғажайып қасиеттері бар. Мысалы, біздің ағзамыз, дәлірек айтсақ, оның әр жасушасы дұрыс жұмыс істеуі үшін оған келесі төрт негізгі заттың керек екенін биохимиямен айналысатын кез келген кәсіпқой маман растайды:

  • Ақуыздар
  • Полисахаридтер, соның ішінде көмірсулар
  • Липидтер (майлар)
  • Нуклеин қышқылдары — жоғары молекулалық органикалық қосылыстар

Бірақ бұл заттардың барлығы бір уақытта және кешенді түрде тек қоңыр балдырларда ғана кездесетінін бірі білсе, бірі біле бермейді! Жер бетінде ұқсас биохимиялық сипаттамасымен ерекшеленетін бірде-бір өсімдік жоқ. Қоңыр балдырлар мен олардың бірегей пайдалы қасиеттері — Табиғаттың миллиондаған жылдар бойы эволюциялық дамуы барысында жүзеге асқан бірегей нәтиже.

Денсаулықты нығайтуға арналған теңіз балдырларының полисахаридтері

Бұл заттар иммунитетке, жүрек-қан тамырлары жүйесінің, ас қорыту жүйесінің жұмысына жағымды әсер етеді. Жағымды әсерлері көптеген ғылыми еңбектермен дәлелденіп, олардың кейбіреулері тіпті Нобель сыйлығына да ие болды.

Қоңыр балдырлардың полисахаридтерінің бірі — фукоидан. Ол қанның ұюын бәсеңдету қабілетіне ие — демек, оны табиғи антикоагулянт десе де болады. Фукоиданның осы қасиеті арқасында, оны медицинада «жануар тектес» гепариннің (бүгінде медицина саласында антикоагулянт ретінде қолданылып жүрген зат) баламасы ретінде қарастырады. Органикалық фукоидан жануар тектес гепаринге тән асқынуларды тудырмайды — мысалы, жануар тектес гепарин қан кетудің дамуына үлес қосады және сүйек тінінің құрылымына әсер етіп, оның сыну қаупін арттырады.

Бұдан басқа, фукоиданның айқын вирусқа қарсы, ісікке қарсы және иммунтүрлендіруші қасиеттері де зерттеулермен дәлелденген. Фукоиданның белсенділігі ғылыми еңбектерде қарастырылып, олардың авторлары 2002 жылы (Сидней Бреннер, Роберт Хорвиц, Джон Салстон) және 2018 жылы (Джеймс Аллисон, Тасуко Хондзе) медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығына ие болды.

Фукоидан зерттеулері көрсеткендей, ол өкпе қатерлі ісігі (A549) және асқазан қатерлі ісігі (AGS) жасушаларына қарсы белсенділікті (кем дегенде зертханалық жағдайда) көрсетеді. Бұдан басқа, тиісті ғылыми зерттеулермен анықталғандай, оның қасиеттері саркома және бауыр қатерлі ісігі кезінде жағымды әсер етеді. Олардың толық мәтінін түпнұсқа тілінде мына жерден оқи аласыз.

Әрине, теңіз балдырларының пайдасы туралы айтқанда, олардағы йодтың жоғары мөлшеріне тоқталып өтпесек болмайды. Адам ағзасы белгілі бір заттектің тапшылығын өз бетінше толтыра алмайды — сондықтан йод тапшылығы инфекциялық емес сипаттағы кеңінен таралған аурулардың бірі болып саналады.

ДДҰ ұйымы қалқанша безі ауруларының алдын алу үшін күніне 150-200 мкг йод қабылдауды ұсынады. Дегенмен, іс жүзінде, бұл мәндер — бұл мәндер тек қалқанша безге ғана емес, бүкіл ағзаға да йодтың қажет екенін ескермейтін ең төменгі шек болып табылады!

Теңіз балдырлары — йодтың ең жақсы тамақ көздерінің бірі: Оксфорд университеті ресми басылымының (Oxford Academic Endocrine Reviews) пікірі, міне, осындай. Оны дұрыс мөлшерде қолдану жасушаларда энергия алмасуды ынталандырады, ми мен бұлшықеттердің жұмысына көмектеседі, қалқанша безінің денсаулығына және ағзаның негізгі жүйелерінің қалыпты жұмысына септігін тигізеді.

Балдырлардан барынша көп пайда алудың жолы бар ма?

Теңіз балдыры жасушасының ішкі құнды құрамына жету үшін оның тығыз қабырғасын ыдырату керек. Біздің ағзамыз мұны жасай алмайды: ол үшін тиісті ферменттер жоқ. Сондықтан да, ламинариядан қоректік заттарды әдеттегідей тамаққа қосып тұтыну кезінде сіңіру пайызы небәрі 10-15%-ды ғана құрайды (Мәскеу қ. РМҒА мәліметінше).

Аз сіңіру мәселесі 15 жыл бұрын шешілген болатын. 2005 жылы ламинарияның тығыз қабырғасын ыдыратпай, оның жасушасынан пайдалы заттарды алу технологиясы әзірленді.

Бұл зерттеулер өз жалғасын тауып, 2020 жылы арнайы ферменттердің көмегімен балдырлардың жасуша қабырғасын ыдыратудың бірегей әдістемесі патенттелді. Бұл тәсілдеме жасушаның өзінен ғана емес, оның қабығынан да құнды заттарды алуға мүмкіндік берді. Бұл технология PRO MAX деп аталды.

Оның арқасында біз қоңыр теңіз балдырларының пайдалы заттары ең көп шоғырланатын, жеңіл сіңетін гель түріндегі тамақ өнімін алдық.

Бұл технология бойынша өнімдер Ресейде Vertera (Вертера) брендімен шығарылады.

Vertera (Вертер) өнімдері ресми түрде 36 елде сертификатталған және бүгінде Ұлыбританияға, ЕО елдеріне, Түркияға, Сербияға, Македонияға экспортталады. Қазір ол Қытай, Оңтүстік Корея, Мексика, Бразилия елдерінде сертификаттаудан өтуде.

Теңіз балдырлары барлық дертке дауа бола алады ма?

Біздің денемізге белгілі бір биохимиялық элементтер берсе, ол өзін-өзі емдеуді және қалпына келтіруді жақсы біледі. Теңіз қоңыр балдырлары — осы элементтердің көзі.

Теңіз балдырларының гидролизаттары негізінде ағзаны уытсыздандыруға қажетті элементтер беретін Vertera (Вертера) бірегей емдәмдік емдік және емдік-профилактикалық тағамы жасалды. Олардың құрамындағы негізгі метаболиттер барлық жасушалардың белсенділігін ынталандырады. Ішкі ағзалардың детоксы, қауіпті токсиндердің табиғи жолмен сыртқа шығарылуы басталады. Нәтижесінде, осындай емдәмдік емдік тамақтану өнімдері — мысалы, Vertera Gel компаниясының базалық өнімі — ағзаның эндокриндік, гормондық және басқа да жүйелерінің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге ықпал етеді.

Vertera PRO-MAX сериясының өнімдері теңіз балдырларынан алынған қоректік заттардың көп мөлшерімен ерекшеленеді және пайдалы полисахаридтерге бай болып келеді.

PRO-MAX Fucus өнімінде көптеп кездесетін органикалық фукоиданды сатып алу немесе PRO-MAX Laminaria өніміндегі ең көп мөлшерімен ерекшеленетін органикалық йодты сатып алу үшін интернет-дүкеніміздің тиісті бөліміне кірсеңіз болады.

Біздің өнімдерімізді қараңыз
Vertera Gel
1800 2700
Тіркеуден кейінгі баға
Vertera Gel
PRO-MAX Fucus
1980 2970
Тіркеуден кейінгі баға
PRO-MAX Fucus
PRO-MAX Laminaria
1980 2970
Тіркеуден кейінгі баға
PRO-MAX Laminaria
Кәріптас қышқылы қосылған PRO-MAX Laminaria
1980 2970
Тіркеуден кейінгі баға
Кәріптас қышқылы қосылған PRO-M...

Біз cookie-файлдарды сайтымыздың дұрыс жұмыс істеуі және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін пайдаланамыз. Қосымша ақпарат алу үшін танысып шығыңыз:Құпиялылық саясаты