Gumin экотыңайтқышы

Gumin экотыңайтқышы

7 650 KZT


  • Артикул 450
  • Орамада 1,080 г

Өнім туралы

Терезе алды тақтайшасында, бауда немесе бақшада өсірілетін кез келген өсімдікті үстеме қоректендіруге арналған кешенді экотыңайтқыш. Инновациялық тыңайтқыштың негізін тас көмірдің табиғи нитрогуматтары, өсімдіктердің өсуін күшейткіш ретінде қолданылатын микроэлементтер құрайды. Осы препараттың айрықша ерекшелігі микроэлементтердің гуматтармен бірге топырақтың минералды бөлігінде тіркелмейтін, егістікке жыртылатын қабаттан жуып тазаланбайтын және өсімдіктер тиімді сіңіретін хелаттық кешендерді түзуінде болып табылады. Табиғи гуминдік қышқылдар негізіндегі сұйық кешенді тыңайтқыш өсімдіктерде микроэлементтердің жетіспеушілігінің орнын толтырады, сондай-ақ:

  • өсімдіктерде зат алмасуды жақсартуға ықпал етеді;
  • суықтан үсуге, құрғақшылыққа, артық ылғалдануға, жарықтың жеткіліксіздігіне төзімділікті арттырады;
  • пісіп жетілу мерзімін қысқартады;
  • ауруларға төзімділігін арттырады;
  • тұрақты мол егін (өнім) алуды қамтамасыз етеді;
  • экотыңайтқыш экстремалды ауа райы жағдайында айрықша әсерлі.

Осы тауармен бірге алынатын заттар

We use cookies to help us provide you with the best service we can. For more information, please see our Privacy Policy