Жылытатын орауға арналған фитобалдырлы гель
15 300 KZT - purchase price without registration
11 781 KZT - registered user purchase price
- Артикул 528
- Орамада 630 г
Өнім туралы
Seaweed Gel Hot жылытатын гелі құрамы компоненттерінің белсенді әсер етуі зат алмасуды арттыруға, майларды ыдыратуға және шығаруға, теріні және теріасты тіндерін дәрумендермен және минералдармен қоректендіруге бағытталған. Ол дене күтімі бойынша көптеген бағдарламаларға керемет қосымша бола алады. Гель тек Сіздің сұлулығыңызға ғана емес, денсаулығыңызға да күтім жасайды. Ол кең спектрлі функцияны атқарады:
- метаболизм процестерін белсендендіреді, ағзадан шлактар мен токсиндерді шығарады, ыдырауды қарқынды күшейте отырып, зат алмасуын арттырады;
- тіндерде іркілу құбылыстарын жояды және целлюлитке қарсы күреседі;
- тамырларды кеңейтетін, қыздыратын және ауруды басатын әсері бар;
- тонусын жоғалтқан теріні тегістеуді және нығайтуды қамтамасыз етеді, эпидермисті жұмсартады, тығыздығын және иілгіштігін арттырады.
Фитобалдырлы гель пайдалы компоненттердің кең спектрін қамтиды:
ламинария – бағалы элементтер мен биоқолжетімді түрде ағзаға пайдалы қосылыстардың қайнар көзі. Ламинарияның белсенді заттары ылғалдандыратын, қабынуға қарсы, регенерациялау, антиоксиданттық, әлдендіретін және жарақатты жазатын қасиеттері бар;
фукус – жер бетіндегі өсімдіктер арасында баламасы жоқ макро- және микроэлементтердің, дәрумендердің бірегей жиынтығын қамтиды. Зат алмасуды күшейтеді, теріде жаңару процестерін және липолизді белсендендіреді, сондай-ақ целлюлитті емдейді;
алоэ сығындысы – теріні регенерациялауға ықпал етеді, коллаген мен эластин синтезін арттырады, рН-теңгерімін қайта қалпына келтіреді. Жасушалардың жаңаруына ықпал етеді, қан айналымын жақсартады, тері жасушаларын ылғалдың қажетті мөлшерімен қанықтыруды қамтамасыз етеді;
бал – теріні керемет ылғалдандырады және жұмсартады, оны сауықтырады, жасушалардың жаңаруына ықпал етеді және емдеп жазу қасиеттері бар. Эпидермис жасушаларында тотықтандыру процесін тежейді, қартаюды баяулатады және әжімдерге қарсы күреседі;
қыша – адам ағзасына кешенді оң әсер береді: жасушалардың регенерациясын жылдамдатады, қартаю процесін баяулатады, микроциркуляцияны және лимфалық ағысты қалпына келтіреді, алмасу процестерін жылдамдатады;
хлорофиллдің мыс туындылары – иммун модуляторы болып табылады, антисептикалық, саңырауқұлаққа қарсы және қан түзу әсері бар. Терінің регенерациясын күшейтеді, қабынуға қарсы және бактерицидті әсері бар.Өнімнің құрамы
Қоңыр түсті теңіз балдырынан жасалған гель (су, ламинария (лат. Laminaria japonica), фукус (лат. Fucus vesiculosus), табиғи бал, қыша ұнтағы, алоэнің сулы сығындысы (лат. Áloë véra), хлорофиллдің мыс туындылары.
Қолданылуы
Дәріні алдын ала тазартылған теріге жағу керек. Нәтижесін күшейту үшін әсер ету аймағын қабықшамен жауып қоюға болады. Процедураның ұзақтығы 30 минут. Содан кейін гельдің қалдығын жылы сумен жуып тастау қажет. Әсерін күшейту үшін процедура аяқталғаннан кейін терінің гель жағылған беткі қабатына нәрлі (балдырлы) май немесе крем жағуға кеңес беріледі. Аптасына 1-2 рет пайдалану ұсынылады.
Қарсы көрсетімдері
Терінің сезімталдығына алдын ала тестілеуден кейін пайдалануға кеңес беріледі.
Көзге түсіп кетуінен сақтаныңыз, егер түскен жағдайда – көзді сумен мұқият тазалап жуыңыз.